Әскер • 31 Тамыз, 2023

Қыздар – болашақ әскери ұшқыштар

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты биыл 200-ден астам курсантты оқуға қабылдады. Оның 22-сі – қатарға енді ғана қосылған қыздар.

Қыздар – болашақ әскери ұшқыштар

Орталық Азиядағы ұшқыш­тар мен инженерлік-техникалық құрамды дайындайтын жалғыз оқу орнында Конституция күні қар­саңында әскери ант қабылдау рә­сімі өтті. Салтанатты жиынға об­лыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.

«Сіздер бүгін Қазақстан хал­қына және оның заңды сайланған Президентіне адал қызмет етуге ант қабылдап жатырсыздар. Бәріңізді шын жүректен құттықтаймын! Оқу бағдарламасын сәтті игеріп, еліміздің Қарулы Күш­­терінің үлгілі әскери қыз­меткері болу­­ларыңызға ті­лек­теспін! «Тәр­тіп­сіз ел болмайды, тәртіпке бағын­ған құл болмайды» деген батыр Бауыржан Момыш­ұлының сөзін басшы­лық­қа алыңыздар. Отан үшін жан­қияр­лықпен қызмет етіңіздер», деді өңір басшысы.

Оқу орнына түсіп жатқан жас курсанттар еліміздің әр түкпірінен келген. Солардың бірі Тараз қаласының тумасы Нұрасыл Құрман жас­тайынан ұшқыш болуды ар­мандағанын айтады. «Туыс­тарымның ішінде әскери адамдар бар. Өзім де жас­тайымнан ұшқыш болғым кел­ді. Оқуға түсу оңай бол­ған жоқ. Бірақ 40 күндік ірік­­теуден сүрінбей өттім. Ма­­мандығым – жауынгерлік бас­қару офицері. Ұшақтарды бас­қарамын», дейді ол.

Тәуелсіздік алғалы бері әскери институт 2 700 офицер даярлап шы­ғарды. Қа­зіргі күні оқу орны заманауи авиациялық құрал-жаб­дық­тарды қолдана отырып, жоғары білікті авиация маман­дарын даярлап келеді. 2021 жылдан бері институтта ұш­қышсыз ұшатын аппараттар­ды басқаратын мамандар даярлау басталды.