WTA рейтингінде төртінші орында тұрған Е.Рыбакина турнирдің екінші айналымында әлемнің 127-ракеткасы аустралиялық Айла Томляновичпен кездесуі керек болатын. Алайда қарсыласы «Үлкен дулыға» турнирін жалғастырудан бас тартты.
Енді Е.Рыбакина келесі кезеңде румын Сорана-Михаэла Кырстямен кортқа шығады. Егерде жерлесіміз қарсыласын жеңсе, онда WTA рейтингінде үшінші орынға көтеріледі.