Мектеп • 01 Қыркүйек, 2023

Бүгін 39 жаңа мектеп есігін айқара ашады

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылында 55 мың оқушыға арналған 39 жаңа мектеп ашылады. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 132 мың орындық білім беру ұйымдарын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін 39 жаңа мектеп есігін айқара ашады

Фото: ашық дереккөз

Бүгінде 194 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1 000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді: күрделі және ағымдағы жөндеу, пән кабинеттерін жабдықтау, мектеп жиһаздарын, кітапханаларды, асханаларды жаңарту, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оған қоса 1 000 пәндік кабинет ашу жоспарланып отыр, сондай-ақ қосымша 749 пәндік кабинет сатып алынады.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арқасында 1 қыркүйекке дейін 25 мың орындық 13 мектеп, сондай-ақ жергілікті бюджет және жеке инвестиция есебінен 30 мың орындық 26 мектеп ашылады. 

Айта кетсек, Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бастау алды. Жоба шеңберінде 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп салу көзделіп отыр.

Мемлекет жыл сайын мектептердің құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына қаржы бөліп келетінін де айта кету керек. Мәселен, соңғы үш жыл ішінде 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді.