Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты:
- Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан;
- Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан;
- Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан;
- Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан;
- Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан;
- Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан;
- Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан;
- Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ:
- Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
- Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі лауазымынан;
- Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
- Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.