Президент • 02 Қыркүйек, 2023

Көлік министрі тағайындалды

278 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Көлік министрі тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік министрі тағайындалды

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Марат Қарабаев 1987 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында дүниеге келген.

Ташкент автомобиль жолы институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің Су шаруашылығы ғимараттарының желілерін пайдалану және дамыту басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы ретінде бастады.  

2011 жылдан 2013 жыл аралығында  — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті Сервистік индустрияны технологиялық дамыту басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы. 

2014-2015 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы.

2015-2017 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысының орынбасары, басшысы. 

2018-2019 жылдары — Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінде басшылық қызметтер атқарды.

2019 жылғы тамыздан 2020 жылғы шілде аралығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы қаңтарға дейін – ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2021 жылғы 7 шілдеде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалған еді.