Университет • 02 Қыркүйек, 2023

Қостанай облысы түлектерінің 50%-дан астамы Baitursynov University студенті атанды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы колледждері мен мектептері түлектерінің 50 пайыздан астамы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жоғары оқу орнының студенті атанды, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысы түлектерінің 50%-дан астамы Baitursynov University студенті атанды

Фото: gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйекте салтанатты жағдайда алғаш рет аталған университеттің табалдырығын аттаған 2600 студенттің арасында «Алтын белгі» иегерлері, олимпиадалардың жеңімпаздары, спорттық жарыстардың жүлдегерлері, мемлекеттік грант иегерлері және «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқитын студенттер бар.

Географиялық тұрғыда айта кетсек, мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен студенттер оқиды. Сонымен қоса, Baitursynov university-нде жақын және алыс шетелдердің 7 елінен - Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Грузия, Үндістан, Германия, Нигерия елдерінен студенттер білім алады.

Жыл бойы университет ұжымы қабылдау науқанымен белсенді айналысып, талапкерлермен тікелей кездесулер, тікелей эфирлер өткізген. Нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда талапкерлер мен студенттердің саны 20%-ға көбейген.

Университет ұжымы алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - сұранысқа ие мамандарды даярлау сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.