Фото: Ақмола облысы әкімдігі
Салтанатты іс-шараға Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса, қалалық мәслихаттың төрағасы Дастан Әкімов, педагогикалық еңбек ардагері Күләш Темірбаева, ата-аналар қауымдастығының өкілі Сәрсенбай Сердалин қатысып, көкшетаулықтарды Білім күнімен және №9 мектептің ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ білім беру мекемесіне облыс орталығы әкімінің атынан домбыра тарту етілді.
45 пән кабинеті, спорт залы, асханасы, медициналық кабинеті, шағын орталығы бар. Жалпы білім беретін мекеме ішін аралауға экскурсия ұйымдастырылды.
Айта кетсек, жалпы Ақмола облысында білім күні жаңадан 5 мектептің салтанатты ашылуы өтті, ал тағы 8 білім беру мекемесін жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.