Оқиға • 03 Қыркүйек, 2023

Алматыда монша өртенді

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Бостандық ауданы Нұрлы шағын ауданындағы жұмыс істемейтін монша кешені өртенді, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда монша өртенді

Фото: ҚР ТЖМ

Өртті сөндірудің екі учаскесі құрылып, 66 адам, 22 бірлік техника жұмылдырылған. 

2 қыркүйек күні 23:00 шамасында басталған өрт 3 қыркүйек 00:27-де оқшауланып, сағат 01:20-да сөндірілген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт жақын маңдағы үйлерге таралмаған.

«Екі қабатты ағаш ғимараты өртенді. Алау аумағы – 600 шаршы метрді құрады. Ғимарат бұзылып, құлай бастады. Өрттің екі тұрғын үйге ауысу қаупі туындады. Жоғары температурадан көппәтерлі үйдің екінші және үшінші қабаттарының балкондары ери бастады», деп хабарлады Алматы ТЖД.