Қаржы • 04 Қыркүйек, 2023

Қарызсыз қоғамға ізашар жол

368 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған әрбір бастаманың, нақты міндеттердің жүзеге асырылуы маңызды. Бұл орайда Президент айтқандай, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек.Әрқайсымыздың ісіміз бен сөзіміз бір жерден шығуға тиіс.

Қарызсыз қоғамға ізашар жол

Президент айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру бойынша «Amanat» партиясының халықпен тығыз байланыста жұмыс істеп, бірқатар игі шараны жүзеге асырып келе жатқанын айта кеткен жөн. Мысалы, «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» бағдарламаларының жүзеге асырылуына қомақты үлес қосуда. Сондай-ақ партияның «Құқықтық көмек», «Қарызсыз қоғам» сынды жобаларының да көпшілікке көп көмегі тиіп келеді. Мемлекет басшысы Жолдауда «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтті.

Тұрғындардың қаржылық сауатын арттыру мақсатында Түркістан облысы­ның аудан, ауылдарында көптеген іс-шара өткізіп, білімін арттырған тұрғындарға сертификаттар табыс еткен болатынбыз. Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызының өсуін арттырады. Тұрғындардың қарыз ауыртпалық мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді. Яғни қаржылық сауат бойынша жүзеге асырылып жатқан партиялық жоба тұрғындарға тиімді қызмет етері сөзсіз.

Сондай-ақ Жолдауда айтылған фискал­дық органдар мен салық төлеу­шілер арасындағы өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшуді қамтамасыз ету қажеттігі де халық қолдауына ие болары анық. Президент салықтық бақылауды толық цифрландыруды жүргізу және салықтық есептілік нысандарын 30 пайызға қысқарту қажеттігін айтты. Салық саясатындағы бастамалар ел экономикасының дамуына оң септігін тигізері сөзсіз. Трансшекаралық су мәселесінің оң шешімін табуына қатысты, агроөнеркәсіпті дамытуда қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану, аудан, қала әкімдерін сайлауға байланысты айтылған нақты тапсырмалар жүзеге асырылуымен құнды болмақ. Бұл – халық орындалуын және шеші­мін табуын күтіп отырған мәселелер. Мемлекет басшысының креативті индустрия өндірісіне қаржы тарту жолдарын жеңілдету жөніндегі бастамасы да маңызды. «Қазір креативті индустрия орталықтары үш ірі қалада (Астана, Алматы, Шымкент) шоғырланған. Өңірлер бұл тұрғыда назардан тыс қалып отыр. Мұны түзету керек. Таланттарды тартатын шығармашылық индустрияның орталықтары әрбір облыс орталығында, әрбір ірі қалада болуға тиіс. Ол орталықтар қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру мәселелеріне көмектесу керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл орайда Түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесіне ие болу, сондай-ақ тарихи құндылығын ескере отырып, Түркістан қаласы креативті кластерді дамытуда жоғары әлеуетке ие екенін айта кетелік. Түркістанды жаһандық инновациялық мәдени орталыққа айналдыру мақсатын­да түркі халықтарына ортақ Креативті индустрия қауымдастығы құрылған болатын. Креативті экономиканы дамыту – өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жасалатын маңызды қадам.

 

Алтынсары ҮМБЕТАЛИЕВ,

«Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты