Фото: Sputnik/Абзал Қалиев
Finprom.kz сарапшылары жүргізген зерттеуге көз жүгіртсек, 2022 жылы жыныс бойынша ерлер орта есеппен 355,3 мың теңге, әйелдер 265,8 мың теңге алғанын байқауға болады.
Аймақтық контексте ерлердің ең жоғары орташа айлық жалақысы келесі өңірлерде тіркелген:
- Атырау облысы - 631,8 мың теңге;
- Маңғыстау облысы - 590,6 мың теңге;
- Ұлытау облысы - 489,1 мың теңге.
Аталған аймақтарда жыныс бойынша жалақының ең үлкен айырмашылығы да байқалды.
«Маңғыстау облысында ерлердің жалақысы әйелдердікінен 2 есе, Атырауда 85,9 пайыз, Ұлытауда 68 пайыз артық. Жетісу өңірі - әйелдердің пайдасына қарай айырмашылық болған жалғыз өңір. Бірақ жалақыдағы ең аз айырмашылық Жамбыл, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды», деп түсіндірді сарапшылар.
Әйелдердің ең жоғары орташа айлық жалақысы келесі өңірлерде тіркелді:
- Астана қаласы - 365,1 мың теңге;
- Атырау облысы - (339,8 мың теңге;
- Алматы - 320,1 мың теңге.
Десе де әйелдердің орташа айлық жалақысы тек білім саласындағы ерлердің жалақысынан асып түскен: 4,8% (239,8 мың теңгеге қарсы 251,4 мың теңге).