Еңбек • 05 Қыркүйек, 2023

53 жастағы кәсіпкер тоқыма тоқып, табысын арттырып отыр

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының Созақ ауданына қарасты Шолаққорған ауылының тұрғыны Гүлнахар Мамилаева қазақтың сәндік тоқыма қолөнерін қолға алған, деп жазады Egemen.kz.

53 жастағы кәсіпкер тоқыма тоқып, табысын арттырып отыр

Фото: gov.kz

Бала кезінен тоқыма тоқуға құштар болған ол аталмыш істі кәсібіне айналдырған. Сүйікті ісіне қосымша, үйде отырған қыз-келіншектерге өз білгенін үйрету ісін де қолға алған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алғаш кәсібін балаларға арналған сәнді үлгідегі киімдер мен ойыншықтар тігуден бастаған кәсіп иесі осы күндері қосымша аяқ киімдер тоқып, табыс көзін арттыруда. Тапсырысқа орай үйге арналған тәпішкелер және балалар мен ересектерге арналған түрлі аяқ киім мен сөмкелерді де тоқып шығады екен.

«Тоқыманың барлық түрін тоқимын. Білімімді жетілдіріп, соңғы екі жылда аяқ киімнің түрлерін тоқуды табыс көзіне айналдырдым. Ендігі мақсатым – түйе және қой жүндерін өңдеп, заманауи техникаларды игеру арқылы үлкен кәсіп ашу. Қазіргі кезде тоқыма аяқ киімге сұраныс артып жатыр. Сапасы фабрикадан шыққан өнімдерден артық болмаса, кем түспейді. Халықтың арқасында табыс тауып отырғандықтан сұранысқа сәйкес барынша үлгеріп, сапасына аса мән беру арқылы көптің көңілінен шығуға тырысамын», дейді кәсіп иесі.

Айта кетсек, бұған дейін бірнеше рет облыс орталығында қолөнер мәдениетін қалыптастыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған аймақтық көрме-байқауларда Гүлнахар Мамилаева өз өнімдерін ұсынып, іс-шараға жиналғандардың қошеметіне бөленген еді.