Спорт • 06 Қыркүйек, 2023

Маңызды матчқа дайынбыз – капитан

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан еліміздің ұлттық құрамасы 7 қыркүйекте келесі жылы жалауы желбірейтін Еуропа  чемпионатына іріктеу турындағы кезекті матчты өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңызды матчқа дайынбыз – капитан

Бүгін футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев пен футболшылар Асхат Тағыберген, Бахтиер Зайнутдинов баспасөз конференциясында журналистердің сауалына жауап берді. Ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген  алдағы ойынға 100 пайыз дайын екендігін жеткізді.

«Біздің футболшылар Дания құрамасына  азуын батыра алмай келіп еді, оларды да  ұттық, ендеше Финляндияны да ығыстыруға болады, құрамадағы жігіттер  маңызды матчта барын салады», деді капитан. 

Түркияның «Бешикташ» клубына ауысқан Бахтиер Зайнутдинов ұпай қажет тартыста кімнің гол соғуы маңызды еместігін, ойыншылар жеңіске жету жолында аянбайтынын айтты.

Бас бапкер М.Адиев құрамада жаңа есімдердің қатары артып, жаңа ойыншыларды шақырғанын, олар құрамаға күш қосып, серпін беретініне сенім білдірді.

Қазақстан ұлттық құрамасы ертең кешкі сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында Финлияндия құрамасына қарсы алаңға шығады.