Спорт • 07 Қыркүйек, 2023

Магомед Адиев: Жігіттер жерге қаратпайды

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Финляндия құрамасына қарсы матчқа пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Магомед Адиев: Жігіттер жерге қаратпайды

Фото: kff.kz

«Қарсылас құрама футболшылары әуелетіп пас беруде шебер деуге келмейді. Олар шабуылдау тактикасына арқа сүйейді, үш ойыншы арқылы андыздай алға ұмтылады. Ойынды көбіне Теэму Пукки арқылы өрістетуге құмбыл. Оң қапталмен де белсенді шабуыл өрістетеді. Бұл құрама қорғаныста мығым, қарымта қайтаруды да өте жылдам ұйымдастырады. Тағы бір айта кететіні, олар позициялық шабуылды өрістетуге келгенде де шабан деп айтуға болмайды. Өз басым фин футболшылары тактикалық ойын өрнегін көрсетеді деп ойлаймын. Біздің де жоспарымыз бар, жігіттер жерге қаратпайтынына сенім білдіремін. Өкініштісі, Михаил Габышев пен Бауыржан Исламхан жарақатынан  айыққан жоқ. Жігіттердің жоқтығы білінеді әрине,  жақында ғана оларға ота жасалды. Тезірек сауығып қатарымызға қосылуына  қашанда тілекшіміз. Габышевтың ойнайтын қапталын қорғауды кімге тапсыратынымды ертең көресіздер. Құрамаға шақырту алған жаңа ойыншылардың да әлеуетін сынап көреміз», деді ұлттық құраманың бас бапкері М.Адиев.