Қоғам • 09 Қыркүйек, 2023

Премьер-министрдің орынбасары азаматтарды қабылдады

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова  «Amanat» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сүйеніп.

 

Премьер-министрдің орынбасары азаматтарды қабылдады

https://primeminister.kz/

Т.Дүйсенованың  қабылдауына жазылған  азаматтардың көпшілігі балаларды шетелде емдету, мүгедектікті белгілеу, зейнетақы төлемдері, жұмыспен қамту, көп балалы отбасыларға қолдау көрсету, еңбек құқықтарын жүзеге асыру сынды мәселені көтерген.  Вице-премьер барлық өтініш бойынша заң нормаларын түсіндіріп,  қосымша қарастыруды талап ететін сұрақтарды жеке бақылауына алатынын жеткізді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес және өз құзыреті аясында мемлекеттік органдар өкілдеріне көмек көрсету тапсырылды», делінген хабарламада.