Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов 1973 жылғы 14 маусымда Шымкент облысы Бөген ауданы Задарья ауылында туған.
2000 жылы Қазақ Мемлекеттік медициналық университетін бітірген, гигиенист-эпидемиолог дәрігері, 2010 жылы Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясын бітірген.
Сонымен қатар «Командалық-штабтық оперативті-тактикалық азаматтық қорғаныс» мамандығы бойынша басқару саласындағы маманы, ал 2019 жылы Мәскеу қаласындағы «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетін «Құқықтану» магистрін тәмамдаған.
2001-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ басқармасының аға офицері, 2010-2012 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаментінің халық пен аумақты қорғау басқармасының бастығы қызметін атқарған.
2012-2014 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары, 2014-2015 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болған.
2015-2019 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарған.
2019 жылдың қараша айынан бастап ҚР ІІМ ТЖК Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметінде болды.