Пікір • 13 Қыркүйек, 2023

«Әділетті Қазақстанды» құру қалай жүріп жатыр?

220 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа дәстүрлі Жолдауында «Әділетті Қазақстанды» құру жолында басталған жұмыстың барысын баяндады. Қазақстан Президенті «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы халыққа Жолдауында Астананың таяу жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қайта дамуымен қатар жүретін міндеттерді тізіп көрсетті. Оны тиімді шешу үшін қандай стратегияларды қолдануға болатынын түсіндірді.

«Әділетті Қазақстанды» құру қалай жүріп жатыр?

Жаңа үлгідегі мемлекет

Кейінгі үш жылда Қазақстан мұға­лімдердің жалақысын екі есе­ге арттыру, дәрігерлердің жала­­қысын арттыру, Балаларға ар­налған ұлттық қор құру және өңір­­л­ердегі ауруханалар желісін ке­ңейту секілді маңызды мақ­сат­тарға қол жет­кізді. 2020 жыл­­дан 2023 жылға дейін ауыл­дық жерлерде 300-ден астам ме­­ди­циналық нысан салын­ды. Де­генмен Қазақстан Пре­зиден­ті­нің пайымдауынша, әлі де ат­қарылатын шаруа же­тер­лік. Зор экономикалық серпіліс жасауға елдің толық мүм­кіндігін барынша пайдалану қажет. Алай­да басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетіс­­тік­терге қол жеткізу емес, шын мәнінде, ха­­лықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс.

Қазақстан Президентінің айтуынша, инклю­зив­тік және үнемшілдік Қа­зақстанның жаңа экономикалық бағ­дарының өзегіне айналуы керек. Тоқаев жақын болашаққа арналған күн тәртібіне осындай мақсат қойып отыр. Яғни эко­но­ми­калық өзін-өзі қамтамасыз етуге ке­піл­дік беруге қабілетті қуат­ты ин­дус­­триялық ба­за­ны қалып­тас­­ты­рады.

Ресми Астана алдағы іс-шаралар жоспарында Қазақстан Президенті бел­гі­леген өсу көр­сет­­кіштеріне сәйкес болуды көздейді. Осылайша, ішкі жалпы өнім көлемі жылына 6-7 па­йызға өседі. Металды терең өңдеу, мұнай-газ және көмір хи­миясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға ай­рықша назар аударылады. Отандық және шетелдік инвесторларды тарту мақсатында са­лық­тық жеңілдіктер жасап, жеке­ше­лендіру науқаны қарас­ты­рылмақ.

 

Цифрлы және тұрақты мемлекет

Мемлекет пен жергілікті биліктің цифрлы икемділігінің негізгі көрсеткіші саналатын БҰҰ-ның электрондық үкі­метті дамыту индексінде Қазақстан алғашқы орындарда тұрғанын еске алған жөн. Тоқаев Үкі­мет­ке 2026 жылға қарай IT қыз­меттері экспорты көлемін 1 млрд долларға дейін арттыруды тапсырды.

БҰҰ EGDI рейтингінде жиыр­ма се­гізінші орында тұр­ған Қазақстан (Бельгия мен Мажарстан секілді елдерден озып, Швей­цариядан кейінгі сатыға жайғасқан) ақпараттық және қаржылық технологиялар алыбына айналуды мақ­сат етіп отыр. Сондықтан Президент Тоқаев Қазақстан халқына Жол­дауында елде серіктестік орна­туға мүдделі осы саладағы кез кел­ген трансұлттық корпо­ра­­­ция­ларға есік ашық екенін түсін­дірді.

Жолдауа көтерілген мәселе­­лер мұны­мен шек­­­тел­мейді. Кли­мат­тың өзге­руі­мен күресу, сон­дай-ақ энер­ге­ти­калық қауіп­сіздікті (және әртарап­тан­дыру) іздестіру мақса­тында Қазақ­стан Президенті атом электр стан­сасын салу мәселесін ха­лық­тың таңдауына беруді, осылайша, жалпыхалықтық ре­ферендум өткізуді ұсынды. Жалпы, АЭС мәселесі Астана­ны гео­эко­номикалық және энер­ге­­тикалық толқыныс дәуі­рін­де өзіне қажетті дең­гейде энер­ге­тикамен қамтамасыз етеді. Бірақ халықтың көп бөлігі үшін Семей полигоны салған жарақат қорқынышпен синоним болып келеді.

 

Орталық Азияның көшбасшысы

Қазақстанның энерге­ти­ка­лық секторды түпкілікті түр­де атом энер­ге­ти­касына ауыс­­тыруға әлеуеті де, тә­­жіри­бесі де, таби­ғи ресурстары да же­те­ді. Әлемдегі екін­ші ірі уран қоры бар. Яғни әлем­дегі бар­ланған барлық кен орны­­ның (қазіргі уақытта) 13 па­йызы осы елде орналасқан. Қазақс­танда орта және ұзақ мерзімде ішкі жалпы өнім көлемін жоғары деңгейге жеткізуге қабілетті халқы (орташа жас 29,5) бар. Географиялық орна­ласуы Еуразияның орталы­ғына айналдырады.

Табиғи ресурстарды пайда­­ла­нуға, жаңарты­ла­тын энергия көздерін кеңей­ту­ге, ішкі көлік инфрақұрылымын же­тіл­діруге, интернет пен қаржылық ал­па­уыт­тарды тартуға салын­ған ин­вес­тициялар Аста­наны Ор­талық Азияның эконо­ми­ка­лық көшбасшысы рөлінде мәңгілік қалуға жол ашады. Ко­ро­навирус пандемиясы мен Ук­раи­надағы соғыс салдары­нан үдемелеген жаһан­дық құн тізбегінің өзгеруі шығыс-батыс пен сол­түстік-оңтүстікті байланыстыратын не­гіз­гі сауда жолдарының тоғысында ор­на­ласқан Қазақстанға пайда әкелетінін естен шығармау қажет.

 

Эммануэль ПЬЕТРОБОН,

«Il Giornale» газеті