Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023

Қосшыдан ұрлап, Астанада сатқан

939 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақмола облысының тұрғыны ұрланған электр құралдарын елорда базарында сатқан. Күдіктінің Целиноград ауданы мен Қосшы қаласында 20 ұрлыққа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Қосшыдан ұрлап, Астанада сатқан

Фото: https://polisia.kz/

33 жастағы күдіктінің 8 бөтен мүлікті ұрлауға қатысы бар екендігі дәлелденді. Тағы 12 қылмыс бойынша тиісті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Жыл бойы Целиноград полиция бөліміне Қараөткел және Қоянды ауылдарының тұрғындарынан электр құралдарын ұрлау фактілері бойынша өтініштер келіп түсті.

Тергеу барысында белгілі болғандай, осындай өтініштер Қосшы қаласы мен Аршалы ауданының полиция бөлімдерінде де тіркелген. Жәбірленушілердің айғақтарына сәйкес, белгісіз адамдар елді мекеннің шетінде салынып жатқан объектілердің аумағынан электр құралдарын ұрлаған. Барлық фактілерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жәрібленушілерден түскен арыз, шағым бойынша криминалдық полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын нәтижелі жүргізіп, ұрыны қамауға алды.

«Полиция қызметкерлері елорда аумағында және Астанаға кіру-шығу кезінде орнатылған бейнебақылау камераларының деректерін мұқият зерделеді. Жедел қызметкерлер өткізу пункттерін тексеріп, бұрын мүліктік қылмыстар үшін сотталған адамдар мен ықтимал куәгерлерден жауап алды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Астана қаласында бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды. Ол ауылдық елді мекендерге өзінің Lada Priora автокөлігімен келіп, иелері тиісті бақылаусыз қалдырған электр құралдарын әкетіп, содан кейін сатқаны анықталды. Кейіннен ұрланған электр құралдары елорданың құрылыс нарығында сатылған. Тінту іс-шаралары кезінде полицейлер электр құралдарының 120-дан астам түрін тәркіледі, олардың бір бөлігін жәбірленушілер таныған. Қазіргі уақытта ұсталған адамның 8 ұрлыққа қатысты болғаны дәлелденген, тағы 12 факт бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ұры уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген ақпаратта.