Банк • 14 Қыркүйек, 2023

Сенім үдесінен шыққан банктер

189 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздегі банк секторы кейінгі жылдары айтарлықтай дамып, өсім жағынан да артып келеді. Әлемде орын алған дағдарыс бұл салаға елеулі кері әсерін тигізбегенге ұқсайды. Бұл ЕДБ реформалары мен бірлесе шоғырлануы сын-қатерлерге дер кезінде тойтарыс бере алғанынан көрінеді.

Сенім үдесінен шыққан банктер

Тіпті, біздегі банктердің бәсекеге қабілеттілігін шетелдік мамандар да растап отыр. Ресейлік Forbes.ru басылымының «Көрші елдердің 50 сенімді банкі – 2023» рейтингі бойынша алғашқы төрттікті де біздің елдің банктері иеленген.

Сонымен, бірінші орында мұнай-газ секторына­ қа­­тысты кор­по­ративтік бизнеске бағытталған «Ситибанк Қазақстан» болса, одан кейінгі көшбас­шылар қа­­та­рында Қазақ­стан­дағы тұрғын үй-құрылыс жинақ­тары жүйесін жүзеге асыратын «Отбасы банкі» орналасқан. Айтқандай, бұл банк ЕДБ-дегі жеке тұлғалардың де­позиттік базасының 12,7%-ын, сондай-ақ ипотекалық несие на­ры­ғындағы айрықша үлеске ие болып отырғаны бар. Қаржы инсти­ту­ты ең сенімді және тұрақты ұйымдардың бірі ретінде елде ғана емес, халықаралық рейтингтік агенттіктерінде жоғары деңгейде екені көрсетілген.

Нақтырақ айтқанда, Moody's агенттігі «Отбасы банкінің» рей­тин­гін Baa2 және Fitch Ratings рей­тин­гі BBB бойынша болжамы «тұрақты» деп бағаланған. Forbes.ru рей­тингін­де­гі 3 сенімді банкті біздегі ең ірі коммерциялық банк «Halyk Bank» аяқтаған. Бұл ретте Қаржы институты еліміздің банк секторындағы активтерінің 28,9%-ына ие екенін атап өткен жөн.

Үздік бестікке «Kaspi Bank» пен Грузияның «ProCredit банкі» енген. Оның үстіне алғашқы ондыққа Қазақ­станның 5 банкі кірсе, 7-орында «ForteBank» жайғасқан.

Мәліметтерге сүйенсек, елдегі ЕДБ активтері 46,6 трлн теңгеге жетіп, ІЖӨ-нің 42,1%-ын құраған. Өз кезегінде өтімділігі жоғары активтер 14 трлн теңгені немесе активтердің 30%-ын құрауы бұл банктерге клиенттер үшін алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар деген сөз.

Биыл шілде айында банк­тер­дің меншікті капиталы бір айда 3,7% өсіп, 5,9 трлн теңге (жыл басынан бері 13,6% өсті) болды. Не­гізгі капиталдың жеткілікті коэффициенті (k1) – 18,8%, меншікті капитал (k2) 21,5%-ды құрап, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден айтарлықтай асып түскен. Бұл банк секторындағы ықтимал тәуекелдерді жабуға мүмкіндік беріп отыр. Осы көрсеткіштер елдің банк секторының сенімділігі мен тұрақтылығының жоғары деңгейін көрсетеді.

Еліміздің ЕДБ жиынтық ак­тив­­теріндегі 5 ірі банктің үлесі 66%, жалпы несие портфеліндегі үлесі 73,8% және клиенттердің жалпы депозиттеріндегі үлесі 70,2%-ды құраған.