Саясат • 14 Қыркүйек, 2023

Орталық Азия елдері басшыларының 6-шы Консультативтік кездесуі Қазақстанда өтеді

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық Азия елдері басшыларының 6-шы Консультативтік кездесуі Қазақстанда өтеді

Фото: akorda.kz

«Орталық Азия» туристік брендін бірге насихаттай отырып, елдеріміздің бірегей табиғатын және өзіне тән бай мәдениетін бүкіл әлемге таныстыруға керемет мүмкіндігіміз бар. Ақпараттық кеңістіктегі ынтымақтастықты жандандырудың перспективасы зор. Жоғары сапалы ортақ медиажобаларды жүзеге асыру, соның ішінде жалпыөңірлік телеарна, жаңалықтар сайтын құру ісіне кірісуді ұсынамын. Бұл міндеттердің орындалуы Орталық Азия елдерінің салалық ведомстволары және ақпарат агенттіктері арасындағы тұрақты диалогқа септігін тигізеді», деді Мемлекет басшысы кездесу барысында.

Президент ортаға салған ұсыныстары Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынасты жаңа сапалы деңгейге көтеру ниетінен туындап отырғанын алға тартты.

«Қазақстан өңірдегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін тағы да атап өткім келеді. Құрметті әріптестер, Сіздерді Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Қазақстанда өтетін 6-шы Консультативтік кездесуіне шақырамын. Алдағы міндеттердің табысты жүзеге асырылуы достықты, тату көршілік қарым-қатынасты және стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», деп түйіндеді Мемлекет басшысы.