Президент • 14 Қыркүйек, 2023

Консультативтік кездесу: маңызды құжаттарға қол қойылды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Консультативтік кездесу: маңызды құжаттарға қол қойылды

https://web.telegram.org/

«Жиында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі. Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев құрметті қонақ ретінде шақырылды. Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды: 1. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бесінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме; 2. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы жастар саясатының жалпы бағыттары туралы келісім; 3. Орталық Азиядағы жер үсті көлігінің өзара байланысын нығайту туралы келісім», делінген хабарламада.

 о