Президент • 15 Қыркүйек, 2023

Су саясатын тиімді жүргізу маңызды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Душанбеде Арал теңізін құтқару  қорының  құрылтайшы  мемлекеттері басшыларының кеңесінде  бірқатар  мәселені көтеріп, экологияға төнетін қатер туралы айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Су саясатын тиімді жүргізу маңызды

Фото: egemen.kz

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының отырысында  жасаған баяндамасында Қ.Тоқаев қадау-қадау түйткілді мәселелердің түйінін  дер уақытында шешу қажеттігін ескертті.  

«Біз суды тиімсіз пайдалану және экологиялық зардаптарды елемеу проблемаларымен бетпе-бет келіп отырмыз. Біздің өңірдегі Сырдария мен Амудария секілді екі негізгі өзен сулары арнасының реттелу дәрежесі тым жоғары. Бұл өзендердің бассейндерінде жалпы көлемі шамамен 65 текше километрге жететін 80-нен астам су қоймасы салынған. Осылайша, антропогендік жүктеме артып, табиғатты экстенсивті пайдалану жалғасады және әртүрлі әлеуметтік-экологиялық проблемалар ушығады деген болжам бар. Мұның бәрі аймақтық қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіреді», деген Президент су ырыстың көзі екенін де еске салды. Орталық Азия  елдерінің басшыларын  су саясатын қалыптастыруда табиғаттың шектеулі ресурсы екенін ұмытпауға шақырды. Бес мемлекеттің де  дамуы қарқын алып, әл-ауқатының артуына серпін беретін тіршілік көзі су екенін баса айтты.