Құтқарушы • 15 Қыркүйек, 2023

Рудныйда полиция қызметкері сәбидің өмірін құтқарып қалды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудный қаласында болған кездейсоқ жағдай нәрестенің өмірін қия жаздап, полиция қызметкері Әділ Қадірбеков шұғыл әрекетімен сәбидің өмірін құтқаруға жәрдемдесті, деп жазады Egemen.kz.

Рудныйда полиция қызметкері сәбидің өмірін құтқарып қалды

Фото: Polisia.kz

«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкері пәтерлерді тексеріп аралау барысында бесінші қабаттан түсіп бара жатып, көмек сұрап айқайлаған дауысты естіген. Содан тәртіп сақшысы бірден төмен қарай жүгірген.

«Оқиға орнына келгенде балалы әйелді көрдім. Уайымға әбден батқан ана баласының тыныс ала алмай жатқанын айтты. Айқайлаған дауыстан барлық көрші пәтерлерінен сыртқа шықты. Жедел жәрдемге қоңырау шалдым, бір күн бұрын нәресте орындықтан құлап кеткені белгілі болды», деді полиция қызметкері.

Жедел жәрдем кезекші дәрігерінің телефон арқылы берген хабарламаларын негізге ала отырып, Әділ Қадырбеков реанимация жұмыстарын бастаған. Көрсетілген көмектің арқасында бала көзін ашып, тыныс ала бастады. Келген дәрігерлер полицейдің іс-әрекетінің дұрыстығын растады. Баланың ата-анасы полиция қызметкеріне алғыс білдірді.

Дәрігерлердің тексеруі бойынша баланың жағдайы тұрақты.

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25