Президент • 15 Қыркүйек, 2023

Президент Ұлттық Олимпиада комитетін құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Ұлттық Олимпиада комитетін құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады

Фото: liter.kz

«Құрметті Ұлттық Олимпиада комитетінің ұжымы! Баршаңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – елімізде ерекше орны бар ұйым. Сіздер олимпиада құндылықтарын дәріптеп, өскелең ұрпақты спортқа баулуға және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келесіздер. Соның нәтижесінде өрендеріміз талай байрақты бәсекеде табысты өнер көрсетіп жүр. Олар Олимпиада ойындарынан, әлем біріншіліктерінен және Азия чемпионаттарынан ел қоржынына жүздеген жүлде салды. Саңлақтарымыздың есімі әлемдік спорт жылнамасына алтын әріппен жазылды.

Еліміз қысқы Азия ойындарын, Бүкіләлемдік универсиаданы, әлем және құрлық чемпионаттарын жоғары деңгейде өткізіп, жаһан жұртшылығының лайықты бағасын алды. Мемлекет олимпиада қозғалысын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Біз Халықаралық олимпиада комитетімен және басқа да беделді ұйымдармен ықпалдастықты нығайта береміз», делінген  құттықтауда.

Мемлекет басшысы спортшыларымызға додаларда байрағымызды биікте желбіретуге  тілеулестік білдірді.