Елорда • 16 Қыркүйек, 2023

Астанада жалпықалалық сенбілікке 56 мыңнан астам адам шықты

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Астананың тазалығына 56 мыңнан астам қала тұрғыны шықты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада жалпықалалық сенбілікке 56 мыңнан астам адам шықты

Елордада 16 қыркүйектен 14 қазанға дейін «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы өтеді. Осы жұмыс аясында қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және белсенді қала тұрғындарын жұмылдыра отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбілік өткізіледі.

Бүгін сағат 09:00-ден бастау алған жалпықалалық сенбілікке ірі, орта және шағын бизнес өкілдері де қатысты. 200-ден астам компанияның қызметкерлері, қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар өз ұйымдары мен кеңселерінің жанындағы аумақты тазартты.

14 қазанға дейін жалғасатын сенбіліктерде елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру өткізіледі.

Қала тұрғындары сағат 12:00-ге дейін 110 тоннаға жуық қоқыс шығарды. Сол сияқты 1200-ге жуық жасыл желек отырғызды. Отырғызылған жасыл желектердің арасында қарағаш, үйеңкі, қарағай, бұталар бар.