Фото: https://joryq.kz/
Шабандоздар 11-кезеңді Қызылорда облысының Шиелі ауданында аяқтады. Бұл кезеңде көмбеге Түркістан облысының командасы жетті. 11-кезеңде ақтөбелік шабандоздар екінші болып жетсе, Қостанай облысының командасы үштікті түйіндеді.
Осылайша Астанада басталған мамафон-бәйгенің 1050 шақырымы артта қалды, көмбеге дейін қалғаны – 250 шақырым. Әр кезең сайын аттары болдырып, шабандоздары шаршаған командалар марафонна шығып қалып жатыр. 12 кезеңде күтпеген жағдай орын алды. Былтырғы «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің чемпионы Маңғыстау облысының «Көкмойнақ» командасының капитаны аты болдырғандықтан жорықты жалғастырудан бас тартты. Оның командаластары да аттарын ары қарай қинауды жөн көрмей бірауыздан жарыстан шығатындарын мәлімдеді. Ұйымдастырушылар да маңғыстаулық шабандоздардың 11 кезеңде жалпы есепте көш бастап, тек 3 кезең қалғанда тосын мәлімдеме жасаған маңғыстаулықтарға таңданысын білдірді.
«Біз үшін бәйгенің жүлдесі емес, сәйгүліктеріміздің амандығы маңызды», деді Маңғыстау облысының шабандоздары.