Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2023

Шымкентте ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған тренингтер өтті

178 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Шымкент қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтер өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған тренингтер өтті

5-6 қыркүйекте Шымкент қаласындағы Park Hotel al Bustan қонақүйінің Әйтеке би атындағы мәжіліс залында дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Оған «Дін зерттеу орталығының», «Ақниет» ҚҚ, мешіттердің және т.б мамандары, имамдар, психологтар, теологтар қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – риторика маманы Аманбек Толқын, «Әлеуметтану» ғылымдарының кандидаты Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы, дінтанушы, теолог Оспанов Дәлелхан, дінтанушы, Нұр-Мүбарак Египет ислам  мәдениеті университеті, дінтану кафедрасының доценті, PhD Абылов Тұңғыш Талғатұлы семинар оқыды.

ж

Аманбек Толқын «Риторика. Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру» тақырыбында дәріс оқыды. Ол қатысушыларға адам бойындағы жасқаншақтықты жою, дауыстың ырғағы, тембрі, интонацияны дұрыс қолдану, екпінді дұрыс қою, дұрыс тыныс алу маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар «Дикцияны жақсартуға арналған құралдар» тақырыбы аясында ораторлық шеберлікті дамытуға бағытталғын арнайы жаттығулар мен әдістерді көрсетіп, тренинг өткізді.

Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы «Зайырлылық қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың негізі ретінде» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат берді. Сондай-ақ «Қазақстандағы діни ахуал: негізгі мәселелер мен тендициялар» тақырыбындағы дәрісінде Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отыра, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.

Оспанов Дәлелхан «Ислам әлеміндегі алауыздықтың себептері мен шешу жолдары» тақырыбы аясында қатысушыларға ислам дініндегі күрделі проблемалар мен асқынып тұрған мәселелерді түсіндіре отыра, ислам әлемінің бірлігі жолында тұрған негізгі кедергілер және онымен күрес жолы жайында айта кетті. Оның үстіне, «Оңалту жұмыстарын тиімді жүргізу жолдары» тақырыбымен мамандарға жұмыс барысында жағдайдың күрделенуіне жол бермеу тәсілдері мен оңалту қағидалары туралы сөз қозғады.  

Абылов Тұңғыш Талғатұлы діни сананың ерекшеліктерін, діндарлықтың құрылымын, жеке тұлғаның және қоғамның діни даму айырмашылықтарын түсіндірді. Сондай-ақ «Қазақстандағы тәңіршілдік: тарихы және қазіргі жағдайы» тақырыбында семинар оқып, жалпы түрік халқының діни-наным ұстанымы және оның тарихы, тәңіршілдік ілімінің жағдайы туралы айтты.

Жиын соңында қатысушылар дәріскерлерге сұрақ қойып, жауап алды.