«Жетісу облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бала сатты деген күдікпен 23 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Әйелдің 2022 және 2023 жылы туған екі баласын делдалдар арқылы сатып жібергені анықталды. Бірінші факт 2022 жылдың қазан айында, екінші факт 2023 жылдың тамызында болған, екі жағдайда да транзакция сомасы бір миллион теңге болған», деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Деректер Қылмыстық кодекстің 135-бабы – кәмелетке толмағандарды саудалау бойынша тіркелді.