Құқық • 19 Қыркүйек, 2023

Әлемдегі белгілі полицей әйелдердің қатарына ҚР ІІМ–нің төрт қызметкері кірді

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі танымал полицей әйелдердің қатарына кірген төрт қызметкер IWPC халықаралық конференциясында Қазақстан атынан өкілдік етеді, деп жазады Egemen.kz.

Әлемдегі белгілі полицей әйелдердің қатарына ҚР ІІМ–нің төрт қызметкері кірді

Фото: gov.kz

Жаңа Зеландияның Окленд қаласында 17 қыркүйекте басталып, 21 қыркүйекке дейін өтетін «Полициядағы әйелдер» 60-халықаралық конференциясына («International Women in Policing Conference») қатысушы делегация құрамына кадр саясаты департаменті басшысының орынбасары Амина Алмағамбетова, ӘПК ұйымдастыру-талдау жұмысы және бақылау басқармасының бастығы Құралай Карина, ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Лейла Әліпбаева, ІІМ Алматы академиясы бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Жанат Дильбарханова кірді.

Айта кетсек, әлемнің 75 елінен 800-ден астам әйел-полицейдің қатысуымен жыл сайын өтетін аталған конференция ұлттар шеруінен басталып, әйелдер делегациясы Қазақстанның байрағын мақтанышпен көтерді.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған конференцияға қатысатын Қазақстаннан барған әрбір әйел-полицейде полковник шені бар. Халықаралық полицей әйелдердің конференциясы құқық қорғау құрылымдарында басшылық лауазымындағы әйелдер арасында тәжірибе, білім, идея алмасу үшін арнайы ұйымдастырылған.

Айта кетсек, бұл - әлемдегі құқық қорғау саласындағы ең беделді іс-шаралардың бірі.