Қоғам • 19 Қыркүйек, 2023

Дін мәселелері бойынша білікті мамандар семинар өткізді

270 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Ақтөбе облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дін мәселелері бойынша білікті мамандар семинар өткізді

Дін істері комитетінің қолдауымен осы жылдың 4-5 қыркүйегінде Ақтөбе облысында дін мәселелері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Оған «Дін зерттеу орталығы» КММ, «Ақниет» ҚҚ мамандары, психологтары мен теологтары, жергілікті АТТ мүшелері қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – педагогика және психология маманы Тойғанов Мырзабек Сардарбекұлы, психология маманы Шакимова Лола Сергеевна, дінтанушы Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы және нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог Сейтқали Мирзада Шахманұлы семинар өткізді.

Тойғанов Мырзабек Сардарбекұлы «Методологические основы работы с детьми приверженцами деструктивных религиозных организации и их родителями» тақырыбы аясында қатысушыларға деструктивті діни ағым жетегінде кеткен отбасылармен әңгіме жүргізу, байланыс орнату және өзін-өзі ұстау жолдарын түсіндірді. Оның үстіне, «Идейное противодействие экстремизму в контексте ресоциализации осужденных за экстремисткие и террористические преступления» тақырыбымен жазасын өтеушілердің арасында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жүргізу, психологиялық бейнесін анықтау және жағдайдың күрделенуіне жол бермеу тәсілдері туралы сөз қозғады. 

Шакимова Лола Сергеевна «Применение основ профайлинга для выявления группы риска в молодежной среде» тақырыбымен қатысушыларға жастар арасындағы тәуекел топтарын анықтау үшін профайлинг техникасын, яғни, қылмыс жасауға дайын тұрған тұлғаның сыртқы келбетіне, мимикасына, жүріс-тұрысына қарап қалай анықтауға болатынын түсіндірді. Сондай-ақ «Методы изучения личности, применяемые в психокоррекционной работе с адептами ДРТ» тақырыбында қатысушыларға психокоррекциялық жұмыста қолданылатын тұлғаны зерттеу әдістерін үйретті.

о

Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы «Қазақстан Республикасындағы радикалдық және экстремистік бағыттағы діни ағымдар және олардың белсенділігі туралы» тақырыбы аясында тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың қоғамға қаупі, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатері туралы айтып өтті. Сондай-ақ «Зайырлылық және оның діни бірлестіктермен қарым-қатынасының негізгі принциптері» тақырыбында зайырлылық, зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні, сипаты, зайырлы әдеп негіздері туралы сөз қозғады.

Сейтқали Мирзада Шахманұлы «Болезни ЭГО и пути их излечения» тақырыбында кездесіп, мамандардарды психологиялық денсаулықты ұстап, психикалық этикалық принциптерге сүйене отырып жұмыс жасау әдістерін түсіндірді.  Келесі кезекте, «Влияние детских травм на жизнедеятельность личности» тақырыбында семинар оқып, терроризм мен экстремизмді туғызатын психологиялық аспектер, оған ілінетін адамдардың сипаттамасы, және психологиялық түп-тамырын анықтау әдістерін атап өтті. Дәріскер қатысушыларға адамдармен жұмыс жасау кезінде стресс мөлшерін жеңілдетуге бағытталғын тренинг өткізді.

Сонымен қатар, семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.