Фото: portaktau.kz
Құжатта «Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесі берілсін», делінген.
Үкіметтің қаулысы биыл 21 қыркүйекте қолданысқа енгізілген. Құжат 2022 жылғы 5 шілдедегі жаңа геосаяси жағдайларда республиканың көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңіз порттарын Каспий теңізінің жетекші хабтарының біріне айналдыруды тапсырған болатын.
Айта кетсек, 2018 жылдың қыркүйегіне дейін Ақтау теңіз сауда портында халықаралық мәртебе болған. Бірақ кейін Үкіметтің қаулысымен аталған мәртебе алынып тасталған еді.