Қоғам • 25 Қыркүйек, 2023

«Жыл волонтері» халықаралық байқауы басталды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жыл волонтері» халықаралық байқауы басталды

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы – әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге және ынталандыруға, сондай-ақ волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға бағытталған.

Ведомствоның мәліметінше, сыйлық 15 бағыт бойынша беріледі.

Сондай-ақ құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 25 қыркүйек пен 14 қазан аралығында жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер [email protected] электрондық мекенжай бойынша қабылданады.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру ережелері туралы толығырақ www.adilet.kz сайтынан біле аласыздар.