Фото: sports.kz
Андрей Скабелка шәкірттері Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында «Нефтехимикке» қонаққа барып, 6:5 есебімен басым түсті.
Шығыс конференциясының аутсайдеріне қарсы ойын оңай болған жоқ. Айдын иелері 12 минутта есеп ашты. Араға бір минут салып Понтус Оберг «Барыс» сапынан таразы басын теңестірді. Сондай-ақ Понтус екінші мәрте мергендік танытып, тағы гол соқты. Матч соңғы үшінші кезеңде қызды. «Нефтехимик» қатарынан екі шайба соғып, қайтадан алға шыққан. Алайда бұл кездесуде Понтус Обергтің мерейі үстем болды. Кездесу аяқталар тұста айдын иелері нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Кейін Самат Данияр белсеніп, ойын овертаймға ауысты. Қосымша уақытта Райли Барьер «Барысқа» жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, 28 қыркүйекте «Барыс» өз алаңында адмирал Владивостокты қабылдайды.