Фото: olympic.kz
ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Нұрлыхан Шархан Оңтүстік Кореядан келген Джонхун Вонмен кездесті. Нәтижесінде, қазақ спортшысы иппон әдісімен жеңіске жетті.
Айта кетсек, бұл Азия ойындарында Қазақстаннан келген дзюдошылар үшін бесінші медаль. Татами шеберлерінің қоржынында бір күміс және төрт қола жүлде бар.