Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»
«Energy Monitor» қоғамдық қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов журналистермен кездесу Атыру мұнай өңдеу зауыты қыркүйек-қазан айларында күрделі жөндеуден өтетінін, «Petrosun» ЖШС енді АИ-95 маркілі бензинді импорттайтынын, бұл бағаға әсер ететінін айтыпты.
Логистикалық қиындықтарға байланысты АИ-95-ті тасымалдайтын көліктердің шамамен 30-40 пайызы жолда тұрғаны, оңтүстік өңірлер осы маркідегі бензин тапшылығын сезініп үлгергені осыған дейін айтылған еді. Шымкент мұнай өңдеу зауыты бұл бензиннің 5 мың тоннасын ғана өндіреді. «Шымкент мұнай өңдеу зауытында ескі пайдаланылған жылу алмастырғыштарды іске қосып, өндірісті жолға қоюға тырысуда. Олар қоспалар арқылы оны АИ-95 стандартына дейін жеткізеді», дейді Н.Жұмағұлов.
Ресей 21 қыркүйектен бастап Ресейден бензин мен дизель отынын экспорттауға уақытша тыйым салғаны белгілі болды. «Ресей Федерациясының Үкіметі осы қаулы күшіне енген күннен бастап тауарлық бензин мен дизель отынын, оның ішінде биржалық саудада сатып алынғанның өзін Ресей Федерациясынан әкетуге уақытша тыйым салу туралы» шешім қабылдады.
Сонымен қатар Үкімет мұнай өнімдерін экспорттауға рұқсат етілген кәсіпорындардың тізімін жасай алады. Бұл туралы сол елдің вице-премьері Александр Новак мәлімдеді. Ол қазіргі уақытта ішкі жанармай нарығында ұсыныс тапшылығы жоқ екенін, қор биржасында тепе-теңдік бар екенін айтты. Энергетика министрлігі тек мұнай өңдеуші зауыттарға шетелге отын сатуға рұқсат беріп, сұр түсті экспортқа толық тыйым салуды ұсынды. «Бұл қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді» делінген бейсенбіде жарияланған құжатта.
Қоғамда «Қазақстан кенеттен жанармай тапшылығына ұшырады ма?» деген күдік тағы да бой көтере бастады... Апта басында өткен брифингте Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов Атырау мұнай өңдеу зауыты 1 қазан мен 3 қараша аралығында жұмысын толығымен тоқтатып тұрғанын, ал мұнай өңдеу зауытындағы ақау әзірге жартылай қуатта жұмыс істеуге мәжбүр екендігін ашып айтты. Себебі соңғы 6 жылда елде көліктік отын тұтынудың тұрақты өсуі байқалды (2020 жылғы пандемия жылын қоспағанда). Егер 2017 жылы бензин тұтыну 4,1 миллион тоннадан астам болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 4,9 миллион тоннадан асып, 19 пайызға артқан. Сонымен қатар бұл өнімнің отандық өндірісі осы кезеңде 70 пайызға – жылына 2,9 миллион тоннадан 5 миллион тоннаға дейін өсті.
Дизель отынын тұтыну 2017-2022 жылдары 18,1%-ға – 4,7 млн тоннадан 5,5 млн тоннаға дейін өсті. Отандық дизельдік отын өндірісі 32,5%-ға – 4 млн тоннадан 5,3 млн тоннаға дейін өсті.
Энергетика вице-министрінің айтуынша, Қазақстанда қазан айында АИ-95 маркалы бензиннің 65 мың тоннасы ғана өндірілетінін, оның ішкі тұтынуы 80 мың тоннаға бағаланған. Дизельдік отын мен АИ-92 және АИ-95 бензинінің қоры біраз күнге жетеді. Қазан айында АИ-95-ті Ресейден әкелуге болады, бірақ ол әдетте отандықтарға қарағанда қымбатырақ болатыны да айтылды. «Ресей қазірдің өзінде дизельдік отын мен бензинді экспорттауға тыйым салған. Ресей үкіметінің қаулысында ЕАЭО елдеріне экспортқа қол қойылған индикативтік теңгерімге сәйкес рұқсат етілгені жазылған. Ал біз және Ресей 40 мың тонна бензин жеткізу бойынша индикативтік балансқа қол қойдық, сондықтан бұл шектеулер Қазақстанға қатысты емес. Тиісінше, бізде мұндай проблемалар болмайды», деп атап өтті вице-министр.
Күзде Қазақстан тағы да АИ-95 тапшылығына ұшырап, бағаның одан әрі көтерілуі мүмкін екені осыған дейін де айтылып қалатын. Сарыала күз келе салысымен елдегі мұнай өңдейтін зауыттардың бірінен кейін бірі жөндеу жұмыстарына жабылатыны үйреншікті құбылысқа айналып кетті.
Осы саланың сарапшысы Олжас Байділдинов көрші ел жаздан бері ішкі нарықта бензин мен дизель отынының тапшылығын сезінгенін айтады.
Сарапшының айтуынша, бензиннің нарықтағы бағасы бізге ЕАЭО ортақ нарығына қарағанда ертерек келетін сияқты. АИ-95 бағасының литрі 300 теңгеге оңай жетуі әбден мүмкін. Себебі бензинге апарар жолдың бәрі қымбатшылықтан басталатынын көріп жүрміз. Ал қазіргі тапшылық өңдеудің қысқаруымен және ішкі нарыққа қарағанда сыртқы нарыққа жеткізілім тиімдірек болып жатқанымен байланысты.
«Индикативтік жоспарлар бойынша біз Ресейден 800-850 мың тонна дизельдік отын, 300 мың тонна битум, 300 мың тоннаға жуық барлық маркалы жанар-жағармай импорттаймыз. Егер Ресей Федерациясында тапшылық ұлғайса, бұл өз әсерін тигізеді», дейді сарапшы.
Сарапшының айтуынша, қазір өңдеу секторы рентабельді емес. Ішкі нарық қазір бағасы үнемі өсіп отыратын тауарға айналып отыр. «Қазір АИ-92 литрі 250 теңге, дизельдік отын 350 теңге шамасында. Енді ішкі және сыртқы тұтынуға бөлінуіне байланысты шамамен бірдей. АИ-95 де қымбаттайды, өйткені ресейлік жанармай 300 теңгеден жоғары сатылады. Ал бұл маркалы жанар-жағармайды Атырау мұнай өңдеу зауытынан оңтүстікке тасымалдау қымбатқа түседі.АИ-95 жыл соңына дейін шығарылмайды», дейді сарапшы.
Олжас Байділдинов жанар-жағармай бағасының екі есеге өсуі шынымен де мүмкін екенін, бірақ 2025 жылға қарай емес, кейінірек екенін атап өтті. Бұл ретте ол себеп ретінде ЕАЭО елдері аясындағы біртұтас нарыққа көшуді емес, басқа да экономикалық факторларды, соның ішінде ұлттық валютаның тұрақтылығын алға тартады. Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде белгіленген жанармай бағасы жер қойнауын пайдаланушылар мен тұтастай алғанда жеткізу тізбегі үшін тиімсіз. Доллармен есептегенде, ең көп қолданылатын АИ-92 маркалы бензиннің бағасы біздің елде 2000 жылдардың басындағы деңгейде литріне 40 центті құрайды.
«Қазақстанда саланың тоқырауға ұшырауы үшін бензиннің бағасы доллар эквивалентінде 60-65 цент болуы керек. Біз бұл бағаны 2011-2013 жылдары бастан өткердік. Ресеймен бағаның теңгерімсіздігі Қазақстанға да әсер етіп отыр. Бұл жерде ЕАЭО-мен келісім негізгі себеп емес, өйткені ішкі нарықтағы баға тиімсіз. Мемлекет салық жүйесін өзгертпекші, бұл да бағаның өсуіне әсер етеді», дейді сарапшы.
Байділдиновтің айтуынша, АИ-92 маркалы бензиннің бағасы литріне 250 теңгеге дейін, АИ-95 – 300 теңгеге дейін, дизельдік және одан жоғары сортты бензинге 350 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.
«Қазақстан нарығында мұнай өнімдері тапшы. Біз жылына 5 миллион тонна жанармай өндіріп, қазірдің өзінде 80 мың тоннаны импорттап жатырмыз. Тұтыну өсіп жатыр. Біз жанармай бағасының көтерілуіне дайын болуымыз керек, Қазақстан үшін арзан энергия ресурстарының дәуірі аяқталды», деп сөзін аяқтады О.Байділдинов.