Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2023

Байқоңырды Ресейге жалға беру құны өсе ме?

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан «Байқоңыр» ғарыш айлағын Ресейге жалға беру құнын өсіруді жоспарлап отырған жоқ, деп жазады Egemen.kz.

Байқоңырды Ресейге жалға беру құны өсе ме?

Фото: adyrna.kz

Руслан Әбдіқалықовтың айтуынша, Ресейге Байқоңырды жалға беру ақысы өзгермейді.

«Еске сала кетсем, бір ел екінші елден ғарыш айлағын жалға алып отыр деген жағдай әлемде біреу ғана. Айлақты жалға беру құны доллармен қарастырылған. Келісім сондай. Төлемдер ұлттық валютамен жүргізілсе, онда ол қазіргі валюта бағамына тең. Бұл да - индексацияның бір түрі», деп түсіндірді ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.