Қоғам • 27 Қыркүйек, 2023

«Әйел жетектеген көш қай кезде оңады?» – депутат

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден биліктегі басшылық қызметтің жартысын әйелдер қауымы атқаруы керек дейді. Бұл туралы төменгі палата өкілі депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әйел жетектеген көш қай кезде оңады?»  – депутат

Фото: https://tengrinews.kz/

«Түркістан облысы әкімінің бес бірдей орынбасары да ер адамдар. Облыста 17 аудан әкімдерінің тек біреуі ғана әйел адам. Облыс әкімдігіне қарайтын 21 басқарманың  бірінде ғана әйел адам басшы болып отыр.   Білікті кадрлар шоғырланған Астана қаласының бес ауданында да әйел адамдар әкім емес», деген депутат Үкіметке әйелдердің саяси көшбасшылық қабілетін дамытатын  бағдарлама даярлау  қажеттігін атап өтті.

Қазақстанда әйелдер қауымының ел үшін маңызды шешімдер қабылдай алатынын да ескертті. Мәшһүр Жүсіптің «меңіреу әйелден меңіреу ұрпақ туады» деген тәмсілін тілге тиек еткен Қарақат Әбден сауатты, саналы әйелдердің үні мінберден естілуі тиіс екенін айтты.