Шеттен келген дәрігерлер бір апта бойы науқастарды оңалту шарасымен айналысты. Нәтижесінде, корейлік дәрігерлер Жезқазған, Сәтбаев қалаларынан 450-ден аса науқасты, соның ішінде 125 сырқат баланы емдеді. Сал және психологиялық кеш даму дертіне ұшыраған балалардың емделуіне қатысты ақыл-кеңестерін берген дәрігерлер мұндай сырқаттарды одан әрі оңалту жолдарын ұсынды.
Облыс халқының денсаулығын сақтау, нығайту бағытындағы әлемдік озық тәжірибелерді пайдаланудың берері мол. Мұндай иігілікті іс-шара Халықаралық инновациялық өнеркәсіптік консорциум (R&IID XИӨК), «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «Severance-KZ Халықаралық медициналық қоры» ҚҚ ұйымдастырған еріктілер бағдарламасы аясында мүмкін болды.
– Біз екіжақты тиімді байланыс орнату арқылы халық денсаулығын нығайтуға білім-білігімізді бірлесе жұмсауға қуаныштымыз, – дейді Халықаралық инновациялық өнеркәсіптік консорциумның басқарушысы Алексей Ан.
Жезқазған