
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков турнирдің ашылу салтанатында спортшының анасына құрмет білдіріп, қатысушыларға жеңіс тіледі, жаттықтырушыларды марапаттады.
Бекзат Саттархановтың анасы, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Сырлыкүл Шойбекова ұлының жетістіктері туралы естелік айтып, турнирді ұйымдастырушыларға аналық алғысын білдірді.
Республикалық додада биыл қолғап түйістіретін 2010-2011 жылғы жасөспірімдер арасында мықтылары анықталады. 175 спортшы сайысатын жарыс үш күн бойы өтеді.