Тұлға • 02 Қазан, 2023

Тоқтар Әубәкіров: Мені ғарышқа ұшырған – ұлттық намыс

577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 2 қазан – Тоқтар  Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан күні. Қазақтың тұңғыш ғарышкері 1991 жылғы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшқан еді. «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен кездесу барысында Тоқтар Оңғарбайұлы 32 жыл бұрынғы тарихи оқиға туралы айтып берді.

Тоқтар Әубәкіров: Мені ғарышқа  ұшырған – ұлттық намыс

Фото: Е.Омар.

«Ғарышкер болам деп ойлаған жоқпын. Ғарышқа ұшу ол да қазақтың намысы болды. Мені ғарышқа ұшырған - ұлттық намыс», деді Тоқтар Әубәкіров.

1991 жылғы 2 қазанда  Тоқтар Әубәкіров 45 жасында «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен  «Мир» орбиталық кешеніне  ұшқыш-зерттеуші ретінде ұшты.  Экипаж құрамында болған совет ғарышкері Александр Волков және австриялық Франц Фибекпен бірге ғарышқа көтерілді.

«Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев қазақтың даласында бой көтерген Байқоңыр ғарыш айлағынан 30 жылда қазақтың даласынан ғарышқа қаншама ғарышкер ұшқанын, алайда, ішінде бірде-бір қазақ жоқ екенін айтқан еді. Ғарышқа ұшу қазақтың қолынан келмейтін шаруа ма?» дегені менің намысымды қайрады. Алты айдың ішінде қазақтың намысы үшін сынақтан өтіп, ғарышқа ұштым. Басқа ғарышкерлер ұшу үшін сынақ тапсыру мерзімін аз дегенде екі жыл, одан да көп уақыт өтейді.  Ал мен сол сынақты 6 айдың ішінде тапсырып, қазақтың намысы үшін  ғарышқа көтерілдім», деді Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы, ғарышкер, ұшқыш Тоқтар Әубәкіров.

Е. Омар.