Спорт • 03 Қазан, 2023

Азия ойындары: Қазақтың екі боксшысы бүгін шаршы алаңға шығады

1035 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанның екі боксшысы Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарының финалына шығу үшін жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Sport.kz сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Азия ойындары: Қазақтың екі боксшысы бүгін шаршы алаңға шығады

Фото: Olympic.kz

Күндізгі сессияда отандасымыз Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақ бойынша жартылай финалда жапондық Севон Окадзавамен шаршы алаңға шығады. Жекпе-жек Астана уақытымен 14:15-те басталады.

Ал кешкі сессияда тағы бір боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев 92 келіден жоғары салмақтағы жартылай финалда үндістандық Нарендермен жұдырықтасады. Матч Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Қазақ боксшыларының жекпе-жектерін спорт жанкүйерлері тікелей трансляцияда Qazsport телеарнасынан тамашалай алады.

Айта кетейік, Азия ойындарының финалына шығу Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаевқа 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына қатысу лицензиясына автоматты түрде кепілдік береді.

Азия ойындарының бокстан ерлер арасындағы турнирінде барлық салмақ дәрежесінде финалға шыққандар Олимпиада лицензиясын алады.

Соңғы жаңалықтар