Қоғам • 03 Қазан, 2023

Сенаторлар ақпарат алмасу туралы халықаралық келісімді талқылады

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар ақпарат алмасу туралы халықаралық келісімді талқылады

Фото: senate.parlam.kz

Заңның мақсаты - мемлекеттердің көші-қон саласында ақпарат алмасу туралы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Атап айтқанда, құжатта тараптардың келген азаматтар, берілген визалар, келу және болу ережелерін бұзу, азаматтыққа қабылданған адамдар туралы ақпарат алмасу көзделген. Заңның қабылдануы Қазақстан мен Қытайдың көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Комитет мүшелері талқылауды қорытындылап, заң жобасын палатаның отырысында қарау жөнінде шешім шығарды.