Спорт • 04 Қазан, 2023

Азиада–2023: Оныншы жарыс күнінің нәтижесі

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ханчжоудағы Азия ойындарында 3 қазан күні Қазақстан спортшылары бір алтын, үш күміс, бес қола, барлығы тоғыз медаль жеңіп алды және бір боксшымыз финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азиада–2023: Оныншы жарыс күнінің нәтижесі

Фото: Бейнекадр

Велошабандоз Алексей Луценко жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды. Ол Қытай мен Гонконг спортшыларынан озып, 39,7 км қашықтықты 48:05.75-те жүріп өтті. Бұл А.Луценконың спорттық мансабындағы Азия ойындарының 4-ші медалі.

Данил Мұсабаев батуттық гимнастикада Азиаданың күміс жүлдегері атанды. Қазақстан құрамасына тағы 2 күміс медальді байдарка мен каноэде ескек есушілер әкелді: олар Тимофей мен Сергей Емельяновтар 1000 м каноэде есу, сондай-ақ Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева 200 м каноэде есу.

Қола медаль жеңіп алғандар:

Рината Сұлтанова – тасжолдағы веложарыс (жекелей жарыс);

Надежда Дубовицкая - биіктікке секіру;

Каролин Чепкоеч Кипкируи - 5000 м жүгіру; Мария Бровкова - байдарка мен каноэде есу (WС1, 200 м); Асланбек Шымбергенов - бокс (71 кг).

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев +92 келі салмақ дәрежесінде Үндістаннан келген қарсыласын жеңіп, финалға шықты.

10-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 10 күміс және 32 қола жүлде бар.

Соңғы жаңалықтар