Қоғам • 04 Қазан, 2023

Қарт полицейді құттықтады

230 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарттар күні қарсаңында тәртіп сақшылары ведомство ардагерлеріне барып, мерекемен құттықтауды әдетке айналдырған. Соның ішінде полицияда 30 жылдан аса қызмет еткен ардагерді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдиновтың өзі барып құттықтады. Ермек Талғарбаев ағамыз Жамбыл облысының тумасы. Еңбек жолын 1972 жылы бастаған. Қызметтің басым бөлігін Шу стансасында өткеріп, есірткіге ымырасыз күрес ашқан құқық қорғаушылардың бел ортасында жүрді. Негізгі қызметі милицияның балалар бөлмесінде, қылмыстық іздестіру бөлімдерінде жалғасып, кейіннен басшылық қызметтерге дейін өсті.

Қарт полицейді құттықтады

1992 жылы ол қызмет бабымен Солтүстік Қазақ­стан облысына ауыстыры­лады. Облыстық ішкі іс­тер басқармасының кадр жұ­мысы желісіне жетекшілік етті. Биыл Ермек Виктор­ха­нович 73 жасқа толады. Ор­гандағы барлық жұмыс өтілі – 31,5 жыл. Ол СҚО ПД және Ұлттық ұланның Ар­дагерлері кеңесі өткізетін іс-шараларға белсенді қатысып тұрады.

Солтүстікқазақстандық полицияның бастығы арда­герді мерекемен құттықтап, жас қызметкерлер арасын­да мол тәжірибесімен бө­лісуін жалғастыруды тіледі. Сон­дай-ақ әкесінің жолын қуып, қалалық полиция бас­қармасында тергеу бө­лімі бастығының орынбасары болып қызмет атқарып жүрген баласы Маратты тәрбиелегені үшін алғысын білдірді.

Мереке қарсаңында облыс полицейлері барлығы 100-ден аса зейнеткерге барып, құттықтап шықты. Соның ішінде облыс ор­талығында полиция бө­лі­ністерінің бастықтары мен жеке құрамы Арда­гер­­лер кеңесінің мүше­ле­рі­мен бір­лесіп, қарт әріп­тес­те­рінің мекенжайларына бар­ды. Ауылды жерлерде зейнеткерлер ау­дан­дық бөліністерге ша­қы­ры­лып, жастармен кезде­сулер өт­кізді. Полиция арда­гер­ле­рінің кеңесі әріп­тес зей­нет­керлеріне көмек көр­сету мақ­сатында 1,5 миллион теңге қаражат бөлді.

«Бұдан бөлек, ардагер­лер арасында Қарттар кү­ніне орайластырып өт­кі­зілетін концертке билет­тер үлестірдік», дейді облыс­тық ПД және Ұлттық ұлан Ар­дагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов. «Полиция ардагерлері әрдайым біздің және қызмет атқарып жүр­ген қызметкерлердің наза­рында. Материалдық, меди­циналық көмек көрсе­теміз, мерейтой иелерін құт­тық­таймыз. Ауылды жерлерде ардагер­лерге отынмен, жемшөп­пен көмектесеміз. Ве­­домство зейнеткерлеріне қам­қорлықпен қарау – Қа­зақ­стан полициясының ма­ңыз­ды қағидаттарының бірі», деді ол.

 

Солтүстік Қазақстан облысы