Әлем • 05 Қазан, 2023

Ханчжоу – тұнып тұрған тарих

224 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің ұйытқы болуымен журна­листерге арналған медиа тур өтті. Іс-шараға қатысуға бірнеше елдің БАҚ өкілдері ниет білдіріпті. Оның ішінде осы жолдың авторы да бар.

Ханчжоу – тұнып тұрған тарих

Алғашқыда қалай болады екен, уақыт­ты құр өткізіп алмаймыз ба, деп алаң­дадық. Себебі кеше жарыс жолына вело­шабандоз қыздарымыз, грек-рим шебер­лері, боксшы қыздар өнерлерін көр­се­тетін еді. Сол сайыстарға үлгермей қалмай­мыз ба, деген ой да болды. Жоқ, барлығына үлгердік. Таңертең велоша­бандоздар сайысын тамашаладық, вело­спорттағы қыздарымызға ризамыз. Себебі Азия ойындарына тұңғыш қатысып отырған Рината Сұлтанова мен Махаббат Үмітжанова жалпы топпен бірге жүріп өтті. Алдағы уақытта осы екі қыз ел абыройын асқақтатады деп сенеміз.

ва

Сонымен ұйымдастырушылар түскі 13:00-де БАҚ өкілдері бас қосатын МРС орталығынан 30-ға жуық журналисті арнайы автобуспен қаладағы Қытай «Desing» музейі мен «Art» акадамиясына алып барды. Иран, Қатар, Моңғолия, Үндістан тілшілері мен жергілікті БАҚ өкілдері медиа турда алдымен Ханчжоудың тарихын танысумен бастады. Әрі қарай музей директоры Шинянг Жанг Қытай иероглифтерінің шығу тарихы және даму кезеңдері туралы айтты.

Оның айтуынша, Қытай иероглиф-тері әлем халықтары жаз­ба­ларының ішін­де өзіндік ерекшелігімен көзге тү­седі. Қытай тілінде шамамен 60 мыңға жуық иероглиф бар десек, соның ішінде 47 мыңнан астамы әйгілі Канси сөздігіне енгізілген. Оның ішінде 3 мыңнан астамы бұқаралық қолданыста. Осы жерде ең көне сөздер жазылған.

Сондай-ақ музейде мыңдаған жәді­гер барын, оның ішінде осыған дейін өткен барлық Олимпия ойындары мен Қытай­да ұйымдастыр­ған көптеген спорттық іс-шараның лого­типтері мен символдық суретте­рін кез­дестіруге болады. Тіпті Мәскеу Олим­пиадасы­ның барлық фотолары мен ұран­дары жазылған газеттер де бар.

Азия ойындары логитипінің авторы «Song Jianming» барлық спорт түрлері­нің логотипі қалай жасалғаны жөнінде ақпарат беріп, олардың түпнұсқасы осында сақталғанын айтты.