Фото: Туризм және спорт министрлігі
Джиу-джитсудан 62 келіде Мансұр Хабибулла 3-орын үшін өткен бәсекеде филиппиндік Марк Александер Лимді 6:2 есебімен ұтып, қола жүлде еншіледі.
Айта кетсек, Мансұр Хабибулла - 2 мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Сондай-ақ джиу-джитсуден ел қоржынына екінші қола жүлдені салған 69 келі салмақ дәрежесіндегі Алдияр Серік ұпай көрсеткішімен сингапурлық қарсыласын жеңіп, Азия ойындарында үшінші орын тұғырынан көрінді.