Спорт • 05 Қазан, 2023

Жетінші алтын: Нұржан Батырбек - Азия ойындарының чемпионы

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай шаһары Ханчжоуда өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына жетінші алтын жүлде түсті, деп жазады Egemen.kz.

Жетінші алтын: Нұржан Батырбек - Азия ойындарының чемпионы

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Азия ойындарының чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына алтын жүлде салған Нұржан Батырбек 69 келі салмақ бойынша болған белдесуде БАӘ елінің балуаны Мұхаммед әл-Суваидиді 4:2 есебімен жеңді.

Бұл Қазақстан құрамасының Азиададағы жетінші алтын медалі.