Президент • 05 Қазан, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірімен телефон арқылы сөйлесті

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Мемлекеттер басшылары шынайы достық пен өзара ынтымақтастық рухында дамып келе жатқан екіжақты қатынастардың жай-күйіне көңілдері толатынын айтты. Сондай-ақ олар ең жоғары деңгейдегі ықпалдастық қарқынын сақтауға дайын екенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарды Қазақстанның араб әлеміндегі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде атап өтті. Президенттің пікірінше, Қатар Әмірінің жуырдағы сапары және Астана халықаралық форумына қатысуы қазақ-қатар ынтымақтастығына тың серпін берді.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары бұған дейін қол қойылған келісімдер негізінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады, сонымен қатар серіктестікті одан әрі кеңейту бағыттарын айқындады.