Фото: Көлік министрлігі
Онлайн тексеру кезінде заңнама талаптарына жауап беретін және жүргізушінің жалпы денсаулығын тексеруге қабілетті автоматтандырылған медициналық кешендер арқылы жүргізушілер биометриялық және басқа әдіспен сәйкестендіріледі, онлайн сауалнамадан өтеді, жүргізушілердің көз қарашығының жарық тітіркендіргішіне реакциясы тексеріледі, алкогольдік ахуалы тексеруден өтеді, сонымен қоса дене температурасы мен қан қысымы және пульсті өлшеу мүмкіндіктері бар.
Аталған салада цифрлық шешімдерді енгізу тасымалдаушыларға, таксопарктерге, автобус парктеріне:
- Тексеру жүргізу рәсімдерінде ашықтықты қамтамасыз етуге;
- Жүргізушілер мен медицина қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін азайтуға;
- Жолаушылар мен багажды тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын арттыруға;
- Уақытты үнемдеуге;
- Жүргізушілердің денсаулық жағдайына толық талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
Министр бұйрығы 16 қазаннан бастап күшіне енеді.