NEET санатындағы жастар - жұмыссыз және еш жерде оқымайды. Оларды әлеуметтендіру үшін жауапты басқарма бірқатар шараны іске асырып жатыр. Оның ішінде:
- мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық буклеттер таратылады;
- жұмыссыз жастар мен білім беру мекемелерінің түлектеріне тоқсан сайынғы бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде түрлі жұмыстар ұсынылады.
«Осы уақытқа дейін олар «Жастар» сарайында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да және Есіл университетінде өтті. Келесі Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 24 қазанға жоспарланған. «Freelance мүмкіндік» жобасы аясында таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер сияқты цифрлық мамандықтар оқытылады», деді Қайрат Қамбаров.
Сондай-ақ Астанада жастарға қызмет көрсету орталықтары мен «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері жұмыс істейді. Бұл пунктерде елорда тұрғындары жұмыс және цифрлық дағдыларды игеру мәселелері бойынша тегін кеңес, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады.
«Келесі жылы осы бағыттағы жұмысты күшейтіп, көптеген жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр», деп қорытындылады спикер.