Қоғам • 20 Қазан, 2023

Қыз алып қашқан адам заң алдында жауап беруі тиіс - Ләйла Сұлтанқызы

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы уақытта  көп талқыланып жүрген «қыз алып қашу» салты туралы сан түрлі пікір бар. Бұл әрекетті қолдайтындар болса, тура сол сияқты қолдамайтындар да жетерлік.

Қыз алып қашқан адам заң алдында жауап беруі тиіс - Ләйла Сұлтанқызы

«Қазіргі уақытта «алып қашу» деген дұрыс емес. Екі жастың келісуімен болған жағдайда оны алып қашу деп атаған дұрыс емес болар. Ал зорлап, қинап, еркінен тыс алып қашу заңмен қудаланады. Қызды алып қашқан  азамат заң аясында жазалануы жөн деп ойлаймын. Біз ұл-қыздарымызға жауапкершіліктің не екенін, өзінің құқығын білуді үйретуіміз керек. Оларды оқытып-тоқытып, білімді қылып өсіруіміз керек», дейді белгілі журналист Ләйла Сұлтанқызы. 

Айта кету керек, қыз алып қашу – қазақтың көне салты болса да, егер ол қыздың еркінен тыс болса, заң бойынша адам құқықтарын және бостандық пен теңдіктің негізгі қағидаларын бұзу болып саналады. Бұл ауыр қылмыс қата­рына жататындықтан, бас бос­тан­дығынан айыру түріндегі жаза та­ғайын­далатынын ескерген жөн.

Сондай-ақ қыз алып қашуға байланысты әрекеттер мән-жайларға байланыс­ты адамды ұрлау (Қылмыстық кодекстің 125-бабымен 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған) немесе бас бостандығынан заңсыз айыру (Қылмыстық кодекстің 126-бабы, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көздеген) деп саралануы мүмкін.